Accessibility links

МакКристал: жоспарлы шабуыл мықты белгі болады


Ауғанстандағы АҚШ пен НАТО күштерінің қолбасшысы генерал Стэнлей МакКристал жоспарланып отырған қарсы үлкен әскери соққы талибан бүлікшілеріне күшті белгі беріп, ауған үкіметінің қауіпсіздікке бақылауын күшейтеді деді.

Кабулда жексенбі күні сөйлеген МакКристалдың айтуынша, Ауғанстанның оңтүстігінде жүргізілетін талибандарға қарсы шабуыл аймақтағы бүлікшілерді тазартуға бағытталып отыр.

НАТО мен Ауғанстанның үкіметтік күштері бірлесіп, алдағы күндері Хельманд провинциясында кең көлемді операциялар жүргізбекші. Ол бұл елде соғыс басталғаннан бергі талибандарға қарсы ең үлкен соққы болады.

Әскери операциялар орталығы болады деген Маржа қаласының тұрғындары соғыстан қорғанып, басқа жаққа көшіп жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG