Accessibility links

Янукович пен Тимошенко аралығы 2,6 пайызға қысқарды


Украинада президент сайлауының екінші турында Аймақтар партиясының басшысы Виктор Янукович пен премьер-министр Юлия Тимошенко жинауған дауыстар алшақтығы біршама қысқарды.

Бюллетендердің 80 пайызын санағанда шыққан қорытынды бойынша, Янукович 48,5 пайыз, ал Тимошенко шамамен 46 пайыз дауысқа ие болды. Сайлаушылардың 4 жарым пайызы екі үміткерге қарсы дауыс берген.

Украина орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сайлауға дауыс берушілердің 69 пайызы қатысты.

Янукович Киевте өткізген баспасөз конференциясында сайлауда өзінің дауысқа жеткендігін мәлімдеп үлгерді. Тимошенконың штабындағылар қосымша санақ жүргізгендігін, ол бойынша екі үміткер теңдей дауыс жинағандығын мәлімдеді.

Бұған дейін Тимошенко сайлауда «заң бұзушылықтар» тіркелген жағдайда, өзінің жақтастарын жаппай наразылық акциясына шақыратындығын жариялады. Украинаның орталық сайлау комиссиясы дауыс беру кезінде жаппай заң бұзушылықтар болған жоқ деп хабарлады.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG