Accessibility links

Ауғанстандағы тәлібтер қақтығысқа дайынбыз деп отыр


Ауғанстанның оңтүстігіндегі Хельманд провинциясындағы талибан жасақтары НАТО мен ауғандық күштердің бірлесе жүргізетін операциясы қарсаңында бекіністерін күшейтіп жатыр.

Ауғанстандағы АҚШ пен НАТО күштерінің қолбасшысы генерал Стэнлей МакКристал жоспарланып отырған қарсы үлкен әскери соққы талибан бүлікшілеріне күшті белгі беріп, ауған үкіметінің қауіпсіздікке бақылауын күшейтеді деді.

Рейтерс ақпарат агентігіне осы аймақтағы талибандар жетекшісі телефон арқылы хабарласып, өздерінің қақтығысқа дайын отырған 2 мыңға жуық жауынгері өлгенше соғысатынын айтты.

Марджа қаласының жүздеген адамы cоғыстан қорғанып, бас сауғалап кеткен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG