Accessibility links

ЕҚЫҰ: Қазақстан мен Тәжікстан жала туралы заңды кері пайдалануда


ЕҚЫҰ-ның ақпарат еркіндігі жөніндегі өкілі Қазақстан мен Тәжікстанды жала жабуға қатысты заңды дұрыс емес пайдаланып отыр деп сынады.

Миклош Харастидің бұл мәлімдемесі Қазақстан соты өткен аптада президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың жемқорлыққа қатысы туралы мақалалар басқан 5 тәуелсіз басылымның газеттерін тәркілеп алған соң айтылып отыр.

Сонымен қатар Тәжікстан елінде де бірнеше судьялар сот жүйесіндегі парақорлық пен жемқорлық туралы жазған үш газетті сотқа берген.
Харасти бұл сот процестерін БАҚ қызметін бақылауда ұстаудың қауіпті әрекеті дей келе, қатаң жазалаулар бұл екі елдегі аздаған сын айтушы ақпарат құралдарына төніп тұр деді.
XS
SM
MD
LG