Accessibility links

Әблязов Тимур Құлыбаевты әшкерелейтін деректерін жариялады


Бүгін БТА банктің бұрынғы төрағасы, шетелде қуғында жүрген Мұхтар Әблязовтың «Нұр Отан» партиясы, қазақстандық кәсіпкерлерге, Бас прокуратурға, парламентке, саяси партиялардың атына жасаған жаңа мәлімдемесі интернетке шықты. Өз мәлімдемесінде ол тағы да президенттің күйеу баласы Тимур Құлыбаевты айыптап, оны әшкерелейтін деректерді жариялады.

Азаттық радиосы Әблязовқа жақын бұлақ көздері арқылы бұл мәлімдемені расында Мұхтар Әблязов жолдағанын анықтады.

Бұл арада Қазақстанның сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмыстарға қарсы күрес агенттігінің төрағасы Сәттібек Оңғарбаев өздеріне Самұрық-Қазына қорының төрағасы Тимур Құлыбаевқа қатысты Әблязовтың мәліметтері түспегенін айтты. Бірақ 4- ақпанда Бас прокуратураның арнайы өкілі осы қаржы полициясына Әблязовтың мәлімдесін жолдағанын айтқан болатын.
XS
SM
MD
LG