Accessibility links

Иран уран байыту туралы МАГАТЭ-ге ресми хабарлаған


Бүгін Иран өзінің уранды жоғары деңгейде байыту жоспары туралы БҰҰ-ның Атом энергиясы жөніндегі агенттігіне ресми түрде хабарлағанын айтты. Бұл туралы Иранның МАГАТЭ-дегі өкілі Али Асғар Солтани мемлекеттік теледидар арқылы мәлімдеген.

Жексенбі күні кешкісін Иранның атом агенттігінің басшысы Али Акбар Салехи сейсенбіден бастап Теһран 20 пайыз уран байыту жұмысын бастайды деп айтқан. Және ол шешімдері туралы МАГАТЭ-ге дүйсенбіде ақпарат беріледі деген болатын.

Бүгін Парижде Франция президенті Николя Саркозмен кездесейін деп отырған АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс Иранға қарсы халықаралық қысымды күшейтуге шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG