Accessibility links

Қазақ диссиденті Арон Атабек босатылсын деген үндеу жарияланды


Польшадағы қазақ қауымдастығының төрайымы Балли Мажец қазақ диссиденті Арон Атабек жазықсыз түрмеде отыр деп, оның босатылуын қолдауға шақырған мәлімдеме таратты.

Көптеген қазақстандық батыр деп санайтын қоғам қайраткері, ақын Арон Атабек Шаңырақтағы оқиғаға байланысты негізсіз сотталып, түрмеде отыр деген қазақ оппозициясының шетелдегі белсендісі. Ол Аронға куәлік жасаған екі адам алғашқы айтқандарынан бас тартып, өздеріне қысым жасағанын мәлімдегеніне қарамастан, 18 жылға түрмеге жабылып кетті, енді үш жыл бойы темір торда отырған саяси тұтқынның өміріне қауіп төніп тұр деді.

Балли Мажец адам құқықтары сақталмай, аяқасты болып отырған мемлекет қалай еуропалық беделді ұйымды басқара алады деген сауал тастаған. Ол Арон Атабекті босатуға шақырған бұл үндеуін Польша парламенті мен ақпарат құралдарына жолдаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG