Accessibility links

Toyota көптеген көлігін кері қайтаратынын жариялады


Toyota компаниясы жарты миллионға жуық гибридтік көлігін, олардың ішінде әйгілі Prius машиналарын кері қайтаратынын жариялады. Бұл қадам көліктердің тежеуіш жүйесіндегі ақаулықтарды жөндеу үшін жасалып отыр деп хабарланды.

Әлемдегі көлік шығарушы ірі компания машиналарының педаль мен тағы басқа проблемаларына байланысты 8 милионнан астам көлігін кері қайтарып жатқаны үшін қысымға тап болып отыр.

Toyota президенті Акио Тойода бүгін Токиода өткізген баспасөз маслихатында компания қолынан келгенше клиенттерінің сенімін қалпына келтіруге тырысады деп уәде етті.

"Toyota компаниясындағылар бұл проблеманы шешу үшін дилерлермен және жабдықтаушылармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтін болады. Біргелікте біз қолымыздан келгенше клиенттеріміздің сенімін қалпына келтіреміз", - дейді Тойода.

Toyota президенті қауіпсіздік проблемаларына байланысты сотқа тартылып отырған компанияның мәселесіне қатысты АҚШ-қа баратынын хабарлады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG