Accessibility links

Халықаралық топтар Шешенстанда ұсталған белсенділердің мәселесін көтерді


Адам құқығын қорғаушы халықаралық топтар Шешенстанда құқық қорғаушы үш белсендінің тұтқындалуына байланысты тергеу жүргізуге шақырды.

"Амнести Интернэшнл", "Азаматтық құқықтарды қорғаушылар", "Фронт Лайн" және "Хьюман Райтс Уотч" ұйымдары Ресей үкіметін Солтүстік Кавказда адам құқын қорғаушылардың жұмыс істеуі үшін қауіпсіз жағдай жасау туралы уәделерін орындауға шақырды.

Дмитрий Егошин, Роман Веретенников, Владислав Садыков деген белсенділер жексенбі күні Шали қаласында тұтқындалып, 15 сағаттан кейін босатылған болатын. Мәскеуде орналасқан "Мемориал" орталығының өкілі Александр Черкасовтың айтуынша, әлгі белсенділер Шешенстанда жоғалып кеткен адамдар туралы ақпарат жинамақшы болған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG