Accessibility links

Тәжікстанда Әл-Қаида мүшесі түрмеге жабылды


Тәжікстанның жоғарғы соты Әл-Қаида мүшесі деп айыпталған тәжік азаматын 8 жылға түрмеге жапты. Жоғарғы соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1976 жылы дүниеге келген Мирзоев Махмадсаид Ауғанстандағы Әл-Қаида лагерлерінде дайындықтан өткен. Ол Тәжікстанда лаңкестік шабуылдар ұйымдастармақшы болған делінген соттың мәлімдемесінде.

Өткен жылы Тәжікстанда "Салафия", "Жамоати Таблиғ" және "Өзбекстанның ислам қозғалысы" деп аталатын экстремистік топтардың мүшесі деп айыпталған 80 адам сотталған болатын.
XS
SM
MD
LG