Accessibility links

Ресей: Иранның ядролық әрекеті күмән туғызуда


Ресей ұлттық қауіпсіздігі кеңесінің басшысы Николай Патрушев Иранның уранды 20 пайызға дейін өз жерінде байыту туралы жоспары оның ядролық ниеттеріне күмән келтіреді деп мәлімдеді.

Оның алдында Иранның мемлекеттік телеарнасы Теһран Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттіктің тексерушілері алдында жоғары деңгейлі ядролық отын жасай бастады деп хабарлаған болатын.

Израиль премьер-министрі Бенямин Нетаняху Иран ядролық қару жасауға асығуда деп, халықаралық қауымдастықты Теһранға тезарада қатаң санкция енгізуге шақырды.

Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы деп қауіптенеді. Теһран бұл айыптауларды жоққа шығарып келеді.

AzattyqTV

Мамайды қолдаушылар

Белсенділерді полиция ұстады

XS
SM
MD
LG