Accessibility links

Тимошенконың партиясы: Сайлау қорытындысын жоққа шығарамыз


Украинадағы Юлия Тимошенконың партиясының мүшелері жексенбі күнгі сайлаудың қорытындысын жоққа шығаратынын мәлімдеді.

Ақпанның 7-дегі президент сайлауының екінші кезеңіндегі дауыстардың дерлік барлығы саналып бітті. Тимошенконың қарсыласы Виктор Янукович үшпайыздық айырмашылықпен алда келеді. Премьер-министр Юлия Тимошенко әлі ресми түрде мәлімдеме жасамады. Тимошенко партиясының басшысының орынбасары Олена Шустик кей аймақтарда дауыстардың қайта саналуын талап етіп, бұл мәселені сотқа береміз деп атап көрсетті.

Халықаралық бақылаушылар Украинадағы сайлаулар ашық әрі әділ өтті деп мадақтады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG