Accessibility links

Ирандағы Италия елшілігіне шабуыл жасалды


Италия сыртқы істер министрі Франко Фраттинидің мәлімдеуінше, Иранның діни Басиж милициясы сейсенбі күні Теһрандағы Италия елшілігіне шабуыл жасамақшы болған. Римде Сенаттың жиынында сөйлеген сөзінде Фраттини осындай оқиға таяуда Франция мен Голландияның елшіліктерінде де орын алды деп атап көрсетті.

Жартылай ресми "Фарс" агенттігінің хабарлауынша, Франция мен Италия елшіліктері жанында үкіметті қолдау шерулері өткен. Фраттинидің мәлімдеуінше, Басиждің мүшелері "Италия мен Берлускониге өлім" деген үндеулер айтқан. Наразылық танытушылар елшілікке тас лақтырды, шабуылды тоқтату үшін Иран полициясы араласуға мәжбүр болды деді Фраттини.
XS
SM
MD
LG