Accessibility links

Грекияда жұмысшылар ереуілге шығады


Грекияда сәрсенбі күні мемлекеттік компаниялардың жұмысшылары бір тәулікке созылатын ереуіл өткізеді. Олар үкіметтің елдегі қаржы жағдайын реттеуге арналған іс-шараларын қабылдауына қарсылық білдіреді. Үкімет жобасы жалақыны қысқартуды, зейнеткерлікке шығу мерзімін ұлғайтуды және мемлекеттік қаржыны үнемдеуді қарастырады.

Хабарларға қарағанда, Грекияда ереуілдерге байланыты азаматтық әуе ұшырылымдары бір тәулікке тоқтайды.

Сарапшылардың болжамына қарағанда, Грекиядағы бюджет тапшылығынан туындаған экономикалық проблемалар еуропалық біртұтас валюта – евроның тұртақтылығына әсер етуі мүмкін. Еуропалық Одақ Афиныдан шұғыл іс-шаралардың қабылдауын талап етіп отыр.
XS
SM
MD
LG