Accessibility links

Оппозиция Сәрсенбаев өлімінің ісін қайта қарауды талап етті


Қазақстан оппозициясы құқыққорғау органдарынан Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісі – Бауыржан Байбосынов және Василий Журавлевті өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі қайта қарауды талап етті. Бұл туралы сәрсенбі күні Алматыда оппозиционер өліміне төрт жыл толуына орай ұйымдастырылған дөңгелек үстел мәжілісінде Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қордың жетекшісі Айдос Сарым мәлімдеді.

Сарымның пікірінше, қылмыстық істі қараған «сот процесі ең басты сұрақ – белгілі саясаткерді кім және неге өлтірді деген мәселеге жауап берген жоқ».

Сәрсенбаевтың, Байбосынов пен Журавлевтің өлі денелері 2006 жылы ақпанда Алматы облысы аумағынан табылған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG