Accessibility links

Балтық елдерінің басшылары экологиялық саммитке жиналды


Финляндия астанасы Хельсинкиде бүгін Балтық теңізіне шекаралас тоғыз елдің басшылары экологиялық проблемалар туралы саммитте бас қосады.

Форум Финляндия премьер-министрі Матти Ванханеннің бастамасымен шақырылды. Ванханен өткен жылы «Балтық теңізінің жағдайы күрделі» деп мәлімдеген болатын. Теңіз ондаған жылдар бойы улы қалдықтармен, мұнай төгіндісімен, лай сулармен ластанған.

Балтық теңізін қорғау мақсатында осыдан 35 жыл бұрын құрылған Хельсинки комиссиясы бүгінгі саммиттің жемісті болатындығына үміттенеді.
XS
SM
MD
LG