Accessibility links

Қарт Мәсімовтың арыз-шағымы бойынша сот басталды


Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында сәрсенбі күні Қажымқан Мәсімовтың адам құқығын қорғаушы Талас Сағымбаевқа қарсы арыз-шағымы бойынша сот процесі басталды. Премьер-министрдің әкесі соттан 10 млн теңге моральдық өтемақы өндіріп беруін сұрады.

Арыз-шағымға Сағымбаевтың Шымкенттегі үлескерлер қаржысының талан-таражға салынуына Мәсімовті айыптап жариялаған мақаласы түрткі болды. Мәсімов автордың келтірген мәліметтерін жоққа шығарып, оның өзін жалған ақпарат таратты деп айыптады.

Сағымбаев Мәсімовтың арыз-шағымына қарсы өтініш түсіретіндігін мәлімдеді.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG