Accessibility links

Қаржы полициясы есірткіге тексерілді деп хабарланды


Қаржы полициясының Алматыдағы департаменті есірткі тексеруінен өтті деп хабарлады «Время» газеті. Газетке сұхбат берген қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай бұл іс-шараны жыл сайынғы дәстүрлі тексеру деп түсіндірді. Сондай-ақ ол тексерудің қаржы полициясының бұрынғы қызметкері Айдын «Жантелеевтің ісіне ешқандай қатысы жоқ» деп мәлімдеді.

Жұманбай тексеру нәтижелерін таныстырудан бас тартты.

Өткен жылы 5 қарашада ҰҚК-нің қызметкерлері Алматы қаласы қаржы полициясы бастығының бірінші орынбасары Жантелеев есірткімен ұсталды деп хабарлады. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алайда бас прокуратура Жантелеевтің әрекетінде қылмыстық құрам болмаған деп тауып, оған қарсы қозғалған істі жапты.
XS
SM
MD
LG