Accessibility links

Иран соты оппозиция қолдаушыларын түрмеге жапты


Сейсенбі күнгі Теһран соты желтоқсанның 27-дегі үкіметке қарсы шеруге қатысқан бір адамды өлім жазасына кесіп, қалған сегізін түрмеге жапты.

Хабарларға қарағанда, иран билігі елдегі оппозициялық күштерге қарсы қатаң шараларын күшейтіп, үкіметке қарсы шерушілерді өлім жазасына кесіп, оппозиция жетекшісі Мир Хоссейн Мусавидің туыстарын қамауға алып, наразылық шарасына қатысқан оппозиция қолдаушыларды бас бостандығынан айырды.

Иранда маусым айындағы президенттік сайлаудан бері үкіметке қарсы бірнеше шерулер болған еді. Сонымен қатар Иран соты оппозициялық қозғалысты қолдаған бұрынғы өнеркәсіп министрін бес жылға түрмеге жапқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG