Accessibility links

Ресей "Солтүстік ағыс" құбыржолы қоршаған ортаға зиянды емес деді


Ресей премьер-министрі Владимир Путин бүгін Хельсинкидегі қоршаған ортаны қорғау саммитінде Мәскеудің қолдауындағы "Солтүстік ағыс" құбыржолы экологияға зиян тигізбейді деп сендірді.

Балтық теңізінің астымен өтетін 1,220 шақырымдық құбыржолы Ресей, Финляндия, Швеция, Дания, және Германия арқылы өтеді. Оған Финляндияның экологиялық рұқсаты керек. Жұма күні Финляндия өз шешімдерін жариялайтындықтарын айтты. Қалған елдер Ресей-Германия жобасын мақұлдап қойды.

Владимир Путин "Солтүстік ағыс" құбыржолы Еуропаның қоршаған ортасына қауіпсіз болады әрі сенімді газ көзін береді деп айтты. Бүгінгі таңда Еуропа өзіне қажетті газдың төрттен бірін Ресейден алып отыр.
XS
SM
MD
LG