Accessibility links

Иранда оппозиция ислам революциясы күні ереуілдерге шақырды


Иранда бүгін ислам революциясының 31 жылдығы атап өтіледі, оппозиция көсемдері үкіметке қарсы шерулерге шығуға үндеді.

Иран билігі елдің қауіпсіздік күштері оппозицияның кез-келген наразылық әрекетіне қатысты тәртіпсіздікті басуға дайын деп ескертті. Полиция басшысы Исмаил Ахмади Могхаддам сәрсенбі күні мерекенің шырқын бұзғысы келді деп күдіктелген кісілер тұтқындалғандығын мәлімдеді, бірақ олардың кімдер екендігі айтылмады.

Желтоқсан айында оппозициялық акциялар барысында кем дегенде сегіз адам қаза болды. Иран опоозициясы өткен жылдың жазынан бері президенттік сайлаудың ресми нәтижелерін жоюды биліктен талап етіп келеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG