Accessibility links

ЕуроОдақ саммитінде Грекиядағы дағдарыс талқыланады


Еуропа Одағына мүше 27 мемлекеттің басшылары бүгін Брюсселде бас қосады. Ұйым саммитінде Грекиядағы қаржы дағдарысы басты мәселе ретінде талқыланады. Саммитке қатысушылар Грекияның бюджет тапшылығы мәселесін шешу және дефолтты болдырмау үшін көмек бөлу ұсынысын қарайды.

Сарапшылар Грекиядағы жағдай Еуропа Одағының біртұтас валютасы – евроның тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін деп есептейді. Сонымен бірге, бұл елдегі дағдарыс Еуропа Одағының қаржылық жағдайы аса мәз емес Португалия және Испания сияқты мемлекеттеріне кері әсер етуі мүмкін.

Сәрсенбі күні Грекияда дағдарысқа қарсы үкіметтік іс-шаралардың қабылдануына жаппай наразылық акциялары болып өтті.
XS
SM
MD
LG