Accessibility links

Иранда оппозициялық жетекшілерге шабуыл жасалды


"Фарда" радиосының хабарлауынша, Иран оппозициясының жетекшілері Мехди Карруби мен бұрынғы президент Мохаммад Хатами бүгін үкіметшіл күштердің шабуылына тап болған. Иран халқы 1979 жылғы ислам төңкерісінің 31 жылдығын атап өтуде.

Каррубидің ұлы Хоссейн Каррубидің айтуынша, оның әкесі зардап шекпеген бірақ оның жанындағы адамдар соққыға жығылған. Каррубидің көлігіне шабуыл жасалды деп мәлімдеді оның ұлы "Фарда" радиосына берген сұхбатында.

Бұрынғы президент Хатамидің көлігіне де шабуыл жасалып, машинаның терезесі сынды деп хабарланып отыр. Хатами Теһрандағы оппозициялық шеруге бара жатқан болатын.

Оның алдында Хатамидің бауыры парламенттің бұрынғы төрағасы Мохаммад Реза Хатами мен оның әйелі Захра Ешрагиді қауіпсіздік күштері тұтқындап, кейін босатты.

Бейсенбі күні төңкерістің 31 жылдығын атап өту үшін ондаған мың адам Теһрандағы үкіметті қолдау шерулеріне жиналды.
XS
SM
MD
LG