Accessibility links

Google: Иранда Gmail қызметіне қатысты проблемалар бар


Google интернет компаниясының хабарлауынша, Ирандағы пайдаланушылар фирманың Gmail электронды пошта қызметімен байланысуда қиындықтарға тап болып отыр. Бұл уақытта Иран билік орындары елде Gmail-ді мүлде тоқтатуды жоспарлауда деп хабарланды.

Google компаниясы Иранда электронды пошта жүйесінде пайдаланушылар санының күрт түсіп кеткенін байқағанын айтып отыр. Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, Иранның телекоммуникация агенттігі Google-дың Gmail қызметін тоқтып, оның орнына Иран азаматтары үшін жаңа ұлттық электронды пошта қызметін бастайтынын жариялаған.
XS
SM
MD
LG