Accessibility links

Ахмадинежад: Иран енді "ядролық мемлекет"


Президент Махмуд Ахмадинежадтың мәлімдеуінше, Иран жоғары деңгейде байытылған уранының алғашқы пакетін өндірген. 1979 жылғы Ислам төңкерісінің 31 жылдығын атап өту шарасы барысында жүздеген мың адамның алдында сөйлеген сөзінде Ахмадинежад Иран енді "ядролық мемлекет" және ол 20 пайыздық байытылған уранының алғашқысын шығарды деп атап көрсетті.

Байытылған уран атом электр станциялары үшін отын шығарады бірақ оны сондай-ақ ядролық қару жасау үшін пайдалануға болады. Халықаралық қауымдастық Иранның уран байыту әрекеттеріне байланысты Теһранға қарсы БҰҰ-ның жаңа санкцияларын енгіземіз деп ескертіп отыр.
XS
SM
MD
LG