Accessibility links

Франция Ауғанстанға әскери көмегін жалғастырмақ


Франция премьер-министрі Франсуа Фийон Париж Ауғанстанға әскери көмегін жалғастырады деп уәде етті. Бейсенбі күні Кабулда Ауғанстан президенті Хамид Карзаймен кездесуінен кейін Фийон Франция күштері Ауғанстанда қала береді деп мәлімдеді.

Қазір Ауғанстанда шамамен 3750 француз сарбазы бар. Қаңтар айында Париж Ауғанстанға көмек ретінде қосымша 45 миллион доллар бөлетінін хабарлаған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG