Accessibility links

Пәкістанда қатарынан екі жарылыс болды


Ресмилердің айтуынша, Пәкістанның солтүстік-батысындағы Банну қаласында қатарынан екі жарылыс болып, кемінде 15 адам қаза тапқан. Полицияның хабарлауынша, бұл шабуылдарды жанкештілер жүзеге асырған болуы мүмкін. Алғашқы жарылыс полиция ғимараты ішінде, ал екіншісі сыртында болған. Құрбан болғандардың арасында 7 полиция қызметкері бар. Сонымен қатар бұл жарылыстардан 20 кісі жарақат алған, олардың ішінде Банну полиция басшысы жараланған.

Банну ауған шекарасындағы Солтүстік Вазиристан аймағына жақын орналасқан.
XS
SM
MD
LG