Accessibility links

ЕуроОдақ және АҚШ Виктор Януковичті құттықтады


Еуропалық Одақ және АҚШ басшылары Виктор Януковичті Украина президент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады.

ЕО басшысы Хермен Ван Ромпей, украиналық Аймақтар партиясының жетекшісіне жазған хатында, сайлау жалпы алғанда халықаралық стандарттарға сай өтті деп атап көрсетті. Еуропалық комиссияның басшысы Жозе Мануэл Баррозу Януковичке ЕО Украинаның экономикалық және саяси реформаларын қолдайды деп хабарлады.

АҚШ президенті Барак Обама телефонмен Виктор Януковичті құттықтады.

Сайлаудың алдын ала нәтижесі бойынша, Янукович екінші турдағы қарсыласы – Украина премьер-министрі Юлия Тимошенконы шамамен үш жарым пайыз дауыс артықшылығымен жеңді.
XS
SM
MD
LG