Accessibility links

Вашингтон Махмуд Ахмадинежадтың мәлімдемесіне жауап берді


АҚШ президентінің әкімшілігі иран басшылығының уран байыту саласындағы жетістігі туралы мәлімдесіне сенбейтіндігін хабарлады.

Бейсенбі күні Теһранда, ислам революциясының 31 жылдығы мерекесінде, мыңдаған халықтың алдында сөйлеген Ахмединежад Иран ядролық державаға айналды деп мәлімдеді, сондай-ақ Батыстың саясатын сынға алды.

Ақ үйдің ресми өкілі Роберт Гиббс Ахмадинежадтың бұл айтқанын саяси мәлімдеме деп атап, оның ғылымға ешқандай қатысы жоқ болуы мүмкін деген күдігін білдірді.

Әлемдік қауымдастық Иран ядролық отынды атом бомбасын жасауға пайдаланады деп сескенеді. Теһран мұны жоққа шығарып отыр.
XS
SM
MD
LG