Accessibility links

Олимпиаданы ұйымдастырушылар ауа-райына алаңдаулы


Канадалық Ванкуверде 21-ші қысқы Олимпиада ойындарын ұйымдастырушылар ауа-райының қолайсыздығына байланысты алаңдаушылық танытты.

Соңғы күндері аймақта күн жылынып, нөсер жаңбыр жаууына байланысты Ванкувер төңірегіндегі спорттық ашық нысандарда қар азайып қалды. Соған қарамастан ұйымдастырушылар бұл жағдай спорттық бәсекелерді өткізу кестесіне әсер етпейді деп үміттенеді.

Олимпиада ойындары бүгін кешке басталады.
XS
SM
MD
LG