Accessibility links

Адам құқығын қорғаушылар Иранға сарапшылар тобын жіберуді сұрады


Бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдері БҰҰ-нан адам құқығы саласындағы сарапшылар тобын Иранға жіберу үшін Теһранның рұқсатын алуды талап етті.

Бейсенбі күні «Халықаралық амнистия», «Әлемдік студенттік қауымдастық» және басқа да бірқатар бірлестіктердің жүздеген белсенділері Женевада БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі кеңесінің ғимараты алдында пикет өткізіп, Ирандағы бейбіт шерулерге қатысушыларға қолдау білдірді.

Бейсенбі күні Иранда, ислам революциясының 31 жылдығын атап өту барысында, полиция мен оппозиция жақтастары тағы да қақтығысып қалды. Оппозиция өткен жылдың маусым айындағы президент сайлауының нәтижесіне наразылық білдірумен келеді.
XS
SM
MD
LG