Accessibility links

Ирақта парламент сайлауы қарсаңындағы науқан басталды


Ирақта ресми түрде парламент сайлауы қарсаңындағы науқан басталды деп хабарлады Би-би-си. Алайда бұған дейін сайлаудан шеттетілген бірқатар үміткерлердің тағдыры белгісіз қалып отыр.

Сайлау комиссиясы Саддам Хусейн режимі кезіндегі басқарушы - Баас партиясына қатысы бар деп күдіктелген 500-ге жуық үміткердің сайлауға қатысуына тыйым салды. Кейін апелляциялық комиссия бұл шешімнің күшін жойды. Тізімде белгілі сүннит саясаткерлері де бар.

Бақылаушылар сунниттердің сайлау нәтижелерін әділетсіз деп тануы Ирақтағы сунниттер мен шииттер арасында жанжал туғызуы мүмкін деп сескенеді.

AzattyqTV

Әлеуметтік желіге шолу

"Қызықстанның нұрлы жолдары"

XS
SM
MD
LG