Accessibility links

Ингушетияда 20-ға жуық содыр өлтірілді деп хабарланды


Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметі Ингушетияның Сунжен ауданындағы Арышты ауылында өткізілген арнайы операция барысында 20-ға жуық содыр өлтірілді деп хабарлады. Содырлар экстремистік топтың жетекшісі Доку Омаровқа қарайды делініп отыр.

Ресми мәлімет бойынша, бейсенбі күні басталған арнайы операция әлі аяқталған жоқ, ауданды ФҚҚ және ІІМ күштері қоршауға алды, құқыққорғаушы күштер тарапынан адам шығыны жоқ.
XS
SM
MD
LG