Accessibility links

Ил-76 экипажы Бангкок түрмесінен босатылды


Бүгін Ил-76 ұшағының ұшқыштары Таиланд астанасындағы түрмеден босап шықты деп хабарлады жергілікті иммиграциялық полициясы. Ресми ақпарат бойынша, қазақстандық ұшқыштар кешке Бангкок-Алматы бағытындағы жолаушы ұшағына отырғызылады.

Бейсенбі күні Таиланд прокуратурасы экипажға тағылған айыптарды жойды.

Ил-76 жүк ұшағы өткен жылы 12 желтоқсанда Бангкокте ұсталды. Ұшақтағы төрт қазақстандық және бір белорус қамауға алынды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG