Accessibility links

Қазақстанда аяздың беті қайтар емес


Жұма күні Қазақстанның орталық, солтүстік пен шығыс облыстарында қатты аяз сақталады. Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс-Қазақстан облыстарында аяз 40-45 градус шамасында болады.

Өскемен қаласында аяз бен қоректің жетіспеуін құстар қырылуда. Ертіс өзенінде жабайы үйректер тоңуда. Орнитолог ғалымдардың айтуынша, осыдан 30 жыл бұрын құстың 400-ге жақын түрі мекендеген Шығыс Қазақстан облысында жабайы құстың түрлері өте аз қалды. Өскемен қаласында құстың 10 шақты түрі ғана қалған.

Құс түрлерінің сиреуіне бұрын-соңды болмаған аязға қоса, аңшылық, орман-тоғайлардағы өрттер себеп болып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG