Accessibility links

АҚШ-тағы биліктен Кеннедилердің соңғы тұяғы кетеді


Род-Айленд штатынан шыққан конгрессмен Патрик Кеннеди - өткен жылы қайтыс болған сенатор Эдвард Кеннедидің ұлы – Конгреске қайта сайланбайды. Осыған байланысты жасаған мәлімдемесінде Кеннеди саясатта жүрген 20 жылдан кейін өзінің өмірін жаңа бағытқа бұрғысы келетінін және әкесінің қазасы өзіне қатты ықпал еткенін атап көрсетті.

Осылайша Патрик Кеннедидің Конгрестегі мандаты аяқталатын 1 жылдан кейін соңғы 60 жылдан бері алғаш рет Вашингтондағы мемлекеттік билікте Кеннеди әулетінің бірде-бір өкілі қалмайды.

Кеннеди әулетінен ең белгілері – АҚШ президенті болған Джон Кеннеди мен әділет министрі болған оның інісі Роберт Кеннеди болатын. Екеуі де 60-ыншы жылдары қастандықтан қаза тапты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG