Accessibility links

Ванкувердегі қысқы олимпиада ойындары ашылды


Канаданың Ванкувер қаласында 21-ші қысқы олимпиада ойындары басталды. Олимпиаданың басты стадионындағы ашылу салтанатына 82 елден 2,5 мыңдай атлет қатысып, 60 мың адам олимпиаданың ашылуын тамашалады.

Олимпиада ойындарының алауын белгілі деген канадалық бес спортшы жақты. Олар хоккейші Уэйн Грецкси, коньки тебуден шебер Катрина Лемэй-Доан, баскетболшы Стив Нэш пен таушаңғышысы Нэнси Грин мен Рик Хансендер болды.

Бұл халықаралық жарысқа барған Грузия құрамасының 21 жастағы спортшысы Нодар Кумаритвашвили бірнеше сағат бұрынғы жаттығу кезінде бөренеге соғылып, қаза тапқан соң бұл елдің құрамасы ашылу салтанатына азалы лента тағып шықты. Грузия спортшылары орын алған қайғылы оқиғаға қарамастан, Ванкуверде қалуға шешім қабылдаған. Олимпиада басталар алдында оған қатысушылар қаза болған споршыны еске алып, бір минут үнсіздік жариялаған.

Қазақстан құрамасының туын биатлоншы Кенеш Диасов алып шықты.

Ванкувердегі олимпиада ойындары 17 күнге созылады. Бұл аралықта спорттың 15 түрінен 86 сыйлық үшін жарыс өтеді. Қазақстаннан қысқы олимпиада ойындарына 39 споршы қатысып, спорттың тоғыз түрінен өнер көрсетеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG