Accessibility links

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Маштарак операциясына тәліптер қарсылық көрсетуде


Ауғанстанның оңтүстігінде Хельманд провинциясының Маржа қаласында басталған НАТО мен ауғандық күштердің бірлескен операциясына талибан жасақтары қарсы шабуылдап жатыр.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, кемінде 5 талибан жауынгері өлтірілген. НАТО бастаған күштерден адам шығыны болғаны жайлы мәлімет түспеді.

Маштарак атауымен басталған операцияға Ауғанстан әскері мен халықаралық күштердің 15 мыңдай жасағы қатысып жатыр. Түрлі деректерге қарағанда, Маржа қаласында 400-мыңдай талибан бүлікшісі бар.

Хельманд провинциясындағы шабуыл 2001 жылы Ауғанстанға басталған соғыстан бергі жердегі ең ірі операция болып отыр.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG