Accessibility links

АҚШ Қытайдың талабынан бас тартты


Құрама Штаттар Қытайдың президент Барак Обама Тибеттің рухани жетекшісі Далай Ламамен кездесуден бас тартсын деген талабын қабылдамады.

Ақ үйдің өкілі Роберт Гиббс хабарлағандай, Обама мен Далай-Ламаның кездесуі жоспар бойынша 18-ші ақпанда өтеді.

Қытайдың сыртқы істер министрлігі осыған дейін американ билігіне Далай-Ламамен кездесу АҚШ пен Қытай қарым-қатынастарына кері салдарын тигізеді деп ескерткен.

Бейжің Далай-Лама мен оның жақтастарын жікшілдік әрекеттер үшін айыптап, Тибеттің Қытайдан тәуелсіздігін алуға тырысуда деп кінәлайды. Далай-Лама оны жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG