Accessibility links

Қазақстан Таиландтан оралған ұшқыштарды тергеуге алған


Қазақстанның арнайы қызмет орындары сенбі күні Бангкоктан оралған ИЛ-76 ұшағының ұшқыштарын тергеуге алды деп Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлаған. Олардан тасып бара жатқан жүгі туралы қаншалықты мәліметтері болғаны жайлы сұралып жатыр делінген баспасөз хабарламасында. Жүргізілген бұл тексеру қорытындысы туралы Таиланд тарабы хабардар етіледі деп хабарланды.

Осыған дейін хабарланғандай, ИЛ-76 жүк ұшағының экипаж мүшелері қазақстандық 53 жастағы Александр Зрыбнев, 58 жастағы Виктор Абдуллаев, 54 жастағы Виталий Шумков және осы шамалас Ильяс Исаков пен Беларусь азаматы Михаил Петухов екі айдай уақыт Таиланд түрмесінде отырып, жұма күні босатылған.

Олар сенбіге қараған түні Алматыға ұшып келді. ИЛ-76 жүк ұшағының экипажы желтоқсанның 12-де Таиландқа қонған кезде ұсталып, олардың ұшағынан 35 тонна жарылғыш заттар мен қару-жарақ табылған. Ұшқыштар өздерінің мұнай өңдеу жұмыстарына қажетті заттар тасып бара жатырмыз деген құжаты бар екенін айтқан.
XS
SM
MD
LG