Accessibility links

Ауған ресмилері Маржа операциясынан 20 талибан өлтірілді деді


Ауғанстан ресмилері сенбі күнгі АҚШ пен ауған күштерінің талибандар бекінген аймаққа шабуылынан кемінде 20 бүлікші өлтірілді деп хабарлады.

Хельманд провинциясындағы ауғандық күштердің қолбасшысы генерал Шер Мохаммад Зазай сондай-ақ ауыр қаруланған 11 талибан жауынгері қолға түскенін айтты.

Кабулда қорғаныс министрі Рахим Вардак Маржа қаласының орталығында талибандар тарапынан қарсылықтар болды деген. Ауғанстан президенті Хамид Карзай талибандықтарды қаруларын тастауға үндеп, операцияға қатысушыларды бейбіт тұрғындар шығынын болдырмауға шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG