Accessibility links

Иркутскіде 2 мыңдай адам қағаз зауытының ашылуына наразы болды


Сібірдің Иркутск қаласының екі мыңдай тұрғыныБайкал жағалауында қағаз-картон зауытының қайта ашылуына қарсылық танытты. Наразылық шарасын ұйымдастырған үкіметтік емес ұйымдардың хабарлауынша, қағаз зауытының қайта жұмыс істеуі аймақтың суы мен ауасын ластайтын болады.

Сонымен қатар тағы 2 мыңдай адам Ресей үкіметінің бұл қағаз комбинатын қайта ашу жоспарын қолдап, шеру өткізді. Олар оның жұмысы жергілікті экономиканы көтеруге ықпал етіп, жұмыс орнын ашады деп отыр.

Совет заманындағы қағаз картон комбинатының жұмысы көлдің суын ластап жатыр деген экологтартардың бірнеше жылғы шағымынан кейін 2008 жылы тоқтатылған болатын. Жақында үкімет басшысы Путин оны қайта ашу жөніндегі қаулыға қол қойған.
XS
SM
MD
LG