Accessibility links

Тимошенко: бұрмалаушылықтар болғанына дәлелдер бар


Украина премьер-министрі Юлия Тимошенко өзінде ппрезиденттік сайлаудың бұрмаланғаны турасында дәлелдер бар екенін айта келе, дауыс беру қорытындысын сотқа беретінін айтты.

Сенбі күні кешкісін теледидар арқылы сөйлеген Тимошенко сайлаудағы қарсыласы, Аймақтар партиясының жетекшісі Виктор Януковичтің жеңісін ешқашан заңды деп есептемейтіндігін мәлімдеді. Оның айтуынша, ЕҚЫҰ-ның бірқатар бақылаушылары жақын күндері Украинадағы сайлауларда болған заңбұзушылықтар туралы айтады.

Сонымен қатар Юлия Тимошенко өзінің жақтастарын жаппай наразылықтар өткізуге шақырмауға сөз берген.

Тимошенконың айтқанына қатысты Associated press агенттігіне сұхбат берген Аймақтар партиясы жетекшісінің орынбасары Анна Герман премьер-министрдің сотқа қайрылуы еш нәтиже бермейді деген.

Сайлаудың алдыңғы қорытындыларына қарағанда, Тимошенко Януковичтен 3,5 пайыз аз дауыс алған. Сайлаудың ресми нәтижесі 17 ақпанда жариялануы керек.
XS
SM
MD
LG