Accessibility links

Грузияда Кумариташвили атында шана спортының орталығы ашылады


Грузия президенті Михаил Саакашвили Бакуриани қаласында Ванкуверде қаза тапқан спортшысы Нодар Кумариташвили атында шана спортының орталығын ашатынын мәлімдеді.

Сенбі күні сөйлеген сөзінде Саакашвили спорттағы ешбір қателіктер адам өліміне әкелмеуі керек деді.

Олимпиада комитетінің жетекшілері қауіпсіздік жағдайын күшейтіп, шанамен сырғанайтын биіктікті қысқартқан. Осыған дейін кейбір спортшылар оның тым биік әрі қауіпті екенін айтқан. Бірақ халықаралық шана спортының федерациясы грузин спортшысы өз қатесінен бөренеге соғылып, қаза болды деген.
XS
SM
MD
LG