Accessibility links

Ирақта сайлауға қатысатын партиялар кеңсесінде жарылыс болды


Ирақта сенбі күні кешкісін алдағы айдағы парламенттік сайлауға қатысатын бес бірдей партияның кеңселері жанында жарылыстар болды.

Associated Press ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, жарылыстан 11 адам жаралған. Шабуылға тап болған бес партияның төртеуі сүнниттер партиясы. Бұл шабуылға жауапкершілікті әлі ешкім алмады.

Осыдан бір күн бұрын Ирақтың сайлау комиссиясы сайлаудан шеттетілген сүннит саясаткерлерінің апелляциялық шағымы қабылданбады деп айтқан. Оларға бұрынғы диктатор Саддам Хуссейннің Баас партиясымен байланысы болғаны үшін сайлауға қатысуға тыйым салынған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG