Accessibility links

Мәскеу Болгариядан зымыран қорғанысына қатысты түсініктеме күтеді


Ресей Құрама Штаттардың зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін Болгария аймағында орнату жоспарына байланысты түсініктеме берілгенін күтетінін айтты.

Сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ-тың жаңа жоспарына Болгарияның қосылу ниеті туралы хабар Ресей үшін күтпеген оқиға болды дей келе, одан бұрын мұндай элементтерді Румынияда орналастыру жоспары туралы мәлім болғанын айтты.

Лавровтың айтуынша, Ресей тарабы өзінің алаңдаушылығы туралы Вашингтонға хабар берген.

Болгария АҚШ-тың Еуропадағы зымыраннан қорғаныс жүйесіне қатысуға дайындығын 12-ші ақпанда білдірген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG