Accessibility links

Украинаның сайлау комиссиясы Тимошенконың шағымынан бас тартты


Украинаның Орталық сайлау комиссиясы премьер-министр Юлия Тимошенконың ақпанның 7-дегі президенттік сайлауда бұрмалаушылықтар болды деген шағымын қарамайтындықтарын мәлімдеді. Сонымен қоса сайлау комиссиясы бүгін кешкісін жоспарланғаннан үш күн ертерек сайлаудың ақырғы қорытындысын жариялайтындықтарын айтты.

Сенбі күні Тимошенко өзінде президенттік сайлаудың бұрмаланғаны турасында дәлелдер бар екенін айта келе, дауыс беру қорытындысын сотқа беретінін айтты. Кеше кешкісін теледидар арқылы сөйлеген Тимошенко сайлаудағы қарсыласы, Аймақтар партиясының жетекшісі Виктор Януковичтің жеңісін ешқашан заңды деп есептемейтіндігін мәлімдеді.

Премьер-министрдің айтуынша, ЕҚЫҰ-ның бірқатар бақылаушылары жақын күндері Украинадағы сайлауларда болған заңбұзушылықтар туралы айтады. Сонымен қатар Юлия Тимошенко өзінің жақтастарын жаппай наразылықтар өткізуге шақырмауға сөз берген.

Тимошенконың айтқанына қатысты Associated press агенттігіне сұхбат берген Аймақтар партиясы жетекшісінің орынбасары Анна Герман премьер-министрдің сотқа қайрылуы еш нәтиже бермейді деген. Сайлаудың алдыңғы қорытындыларына қарағанда, Тимошенко Януковичтен 3,5 пайыз аз дауыс алған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG