Accessibility links

НАТО: зымыран шабуылынан 12 ауғандық қаза болды


НАТО әскерилері жексенбі күні таратқан мәлімдемесінде, Ауғанстанның оңтүстігіндегі НАТО күштерінің екі бірдей зымыран шабуылынан 12 ауғандық бейбіт тұрғын қаза тапты деген.

АҚШ және НАТО бастаған халықаралық күштердің қолбасшысы Стэнлей МакКристал Ауғанстан президенті Хамид Карзайға орын алған оқиғаға байланысты кешірім жолдаған.

Сенбі күні 15 мыңдай ауған, британ және АҚШ күштері Хельманд провинциясындағы Маржа және Над Али аудандарындағы талибандарға қарсы әскери операциясын бастаған. Бұл шабуылда екі НАТО әскері мен 27 бүлікші қаза болды.

Бұл операциялар басталар алдында Ауған президенті шабуылдар кезінде бейбіт тұрғындар шығынын болдырмауға шақырған.
XS
SM
MD
LG