Accessibility links

Израиль премьер-министрі жұмыс бабымен Мәскеуге келеді


Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху екі күндік жұмыс сапары барысында Мәскеуде Ресей президенті Дмитрий Медведев және премьер-министрі Владимир Путинмен кездеседі.

Хабарларға қарағанда, келіссөздерде Иранның ядролық бағдарламасы және Таяу Шығыста бейбіт процесті қайта жалғастыру мәселесі талқыланады.

Израиль премьер-министрі Ресейді уран байытуды жалғастырғандығын жариялаған Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізу бастамасын қолдауға шақыруы мүмкін деп хабарланды.
XS
SM
MD
LG