Accessibility links

Дәлу шоғырындағы жұлдыз семейлік ғалымның есімімен аталды


Дәлу шоқжұлдызындағы бір жұлдызға қазақстандық танымал ғалым Михаил Паниннің есімі берілді деп хабарлады Қазақпарат.

Биология ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық және республикалық сегіз академияның академигі Панин ақпан айында 70-ке толды. Ол төрт ірі ғылыми монографияның, көптеген оқулықтар мен бірқатар оқу-әдістемелік құралдың авторы. Паниннің 1 200-ден астам ғылыми еңбектері республикалық және шетелдік басылымдарда жарық көрді.

Профессор Панин Семей мемлекеттік педагогикалық институтында проректор қызметін атқарады.
XS
SM
MD
LG